Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі | (original) (raw)
Портал жаңалықтары
2025 жылғы 13 қаңтар
Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар фармацевтикалық қызметке лицензияны e-License порталы арқылы ала алады. Өтінішті кез келген уақытта беруге болады, ал лицензияны ресімдеу процесі 15 жұмыс күнінен аспайды
2025 жылғы 9 қаңтар
eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.
2024 жылғы 30 желтоксан
Шетелге сапар жоспарлаған кез келген адам өз жоспарына ешқандай кедергі болмайтынына сенімді болғысы келеді
2024 жылғы 26 желтоксан
eGov.kz порталында қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамаларды сұратуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Бұл қызмет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары туралы ақпаратты алу процесін жеңілдетеді
2024 жылғы 19 желтоксан
Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік нысандарының иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады
2024 жылғы 13 желтоксан
EGov Mobile мобильді қосымшасында «Qazpost» онлайн сервистері қолжетімді болды. Осының арқасында қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден тауарларға тапсырыс бере алады және қажет болған жағдайда кедендік құжаттарды ресімдей алады
2024 жылғы 10 желтоксан
Енді 18 жастан асқан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады
2024 жылғы 4 желтоксан
Бұрын пайдаланушылар 6 айдан 12 айға дейін тыйым салу мерзімін таңдай алатын болса, енді құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше бас тартудың ең жоғары мерзімі 10 жылға ұзартылды. Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады.
2024 жылғы 3 желтоксан
Білім туралы құжаттарды тану қызметі енді eGov Mobile мобильді қолданбасында да қолжетімді. Бұл азаматтарға орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғыдан тексеруге мүмкіндік береді. Бұған дейін қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды
2024 жылғы 28 қараша
Бұрын автокөлік тарихын тексеру қызметі электрондық үкімет порталында қолжетімді болды. Енді eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты смартфондарынан бірнеше қадам арқылы тікелей ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі
2024 жылғы 27 қараша
eGov.kz порталын пайдаланушылар алушының көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы ала алады
2024 жылғы 21 қараша
eGov Mobile мобильді қосымшасында «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» атты жаңа сервис іске қосылды. Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады