Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі | (original) (raw)
Портал жаңалықтары
2024 жылғы 15 қараша
Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады
2024 жылғы 31 қазан
Жаңартылған eGov Mobile мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері бес жыл өтті
2024 жылғы 24 қазан
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.
2024 жылғы 22 қазан
Elicense.kz порталында заңды тұлғалар үшін сынықтарды, сондай-ақ түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет автоматтандырылды. Рұқсат алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді.
2024 жылғы 18 қазан
Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді
2024 жылғы 10 қазан
Қазақстандықтарда eGov Mobile-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электрондық әмиянына орналастыру мүмкіндігі пайда болды
2024 жылғы 10 қазан
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2024 жылғы 1 қазанда eGov Mobile қосымшасының пайдаланушыларына мектептерде тегін тамақтануға цифрлық ваучер алу жайында 1414 нөмірінен хабарлама жіберді. Хабарламаның жіберілімі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан ұйымдастырылды.
2024 жылғы 8 қазан
Қазақстандықтарда eGov.kz порталында «Көлік тарихы» сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексеру мүмкіндігі пайда болды. Сервис пайдаланушыларға сатып алудың алдында көліктің тарихын тексеруге көмектеседі.
2024 жылғы 25 қыркүйек
Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады
2024 жылғы 20 қыркүйек
Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді
2024 жылғы 18 қыркүйек
Қазақстан 4 орынға жоғары көтеріліп, UN Global e-Government Development Index жаһандық рейтингіде 193-тен 24-ші орынды, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын дамушы елдер арасында бірінші орынды иеленді.
2024 жылғы 17 қыркүйек
Кәмелетке толмаған балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдері енді eGov.kz порталының көмегімен жылжымайтын мүліктің бар екені және оған тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама ала алады