Анчар (original) (raw)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Анчар
Antiaris toxicariaAntiaris toxicaria
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер (unranked) Қос жарнақты Сабы: Раушангүлділер Тұқымдасы: Тұт Тегі: Antiaris Lesch.

Анчар (лат. Antíaris) — Тұт тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштардың тегі. Ел арасында Анчар ағашының қасына барсаң немесе қолмен ұстасаң уланасын дейтін қате түсінік таралған. Шынында ол у таратып тұрмайды.

Бастапқы шыққан жері - Индонезиядағы Зонд аралдары. Қазір ол көбінесе ботаникалық бақтарда өсіріледі.

Жапырақтары - қарапайым.

Гүлдері майда, тығыз гүлшоғырларға жиналған. Гүл тостағаншасы - төрт мүшелі.

Жемісі құрама немес күрделі.

Улы анчардың лат. Antiaris toxicaria сүтті шырынының құрамында антарин деп аталатын гликозид бар. Сондықтан Анчардың шырыны жалаңаш денеге тисе, адамның терісінде жарақат пайда болып, іріңдейді. Ертедегі халықтар оны садақ жебесінің ұшына жағатын болған.

Басқа түрі - Беннетта анчары лат. Antiaris bennettii жемісінде кармин бояуы болады.

Цейлон анчарының лат. Antiaris ceylonica және Саккадора анчарының лат. Antiaris saccadora талшықтарынан Ост-Индияда қапшық жасайды.[1][2]

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  2. Hutchinson J. The genera of flowering plants, v. 2, Oxf., 1967.