MUHTAR AVEZOW VE MİLLİ DİL MESELESİ/19.11.2014 Alamatı Abılayhan Üniversitesinde gerçekleşen sempozyum bildiri metni (original) (raw)
ЕНВЕР КАПАГАНасс. профессора, доктор филол. наук, преподаватель Университета Кастамону МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ Enver KAPAĞAN АННОТАЦИЯ На протяжении всего жизненного пути Мухтар Aуэзов мечтал о прогрессивном развитии казахского народа в современном обществе. Таким образом, на этом пути становления общества он предусматривал развитие без ущерба своим собственным культурным ценностям . Основным путем он считал быть нацией,ориентированной на удовлетворении потребностей развития казахского языка и культуры. Он подчеркивал , что таким образом свободное и независимое общество сможет занять свое место в мире. Ключевые слова: Мухтар Aуэзов , казахская литература, национальный язык Тіл-мәңгілік ұлт болып қалудың және оның жалғасуына ықпал етудің негізі және дәлелі болып табылады. Тілін жоғалтқан қоғам, уақыт ӛте келе ұлтын да жоғалтады. Сондықтан ұлттық мәдени құндылықтарымыздың ішінде ең алдымен тілімізді қорғап, құрметтеуіміз керек. Бұл мәселе тӛңірегінде Мехмет Каплан; "Тілбір ұлттың мәдени құндылықтарының ең бастысы, сол себептен тілге аса назар аударылу керек." (Kaplan, 1987:9) Мухаррем Энгин; " Тіл-әлеуметтік ұйым.... бір ұлтты,бір тайпаны аяғынан тік тұрғызып, ұлттық мендігін сақтап, жоқ боп кетуден қорғайды. "(Ergin, 2000: 5) Түркістан ғалымдарының ішінде мұны жақсы ұғынып, осы мақсатта күрескендердің бірі-Мұхтар Әуезов десек қателеспейміз. Қазақ әдебиетінің 20 ғасырдағы ғұлама ғалымдарының бірі, қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей уезі бұрынғы "Шыңғыс" қазіргі "Абай" ауданында дүниеге келген. (Әуезов, 1979: 10) 1961 жылы дүниеден озған. (Ақшолақов, 2013: 310) Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы ретінде Түркістанның ғұлама ойшылы үшін 1997 ж. ЮНЕСКО тарапынан "Мұхтар Әуезов жылы" болып жарияланды.