Бүгінгі таңда ұлттық нақыштағы қол қнер сұранысқа.. - kullanıcıdan düzeltme metni (editoryal düzenleme) анар (original) (raw)
CorrectMyText Kullanıcılar
Kazak dil
Kullanıcıdan düzeltme metni анар
Бүгінгі таңда ұлттық нақыштағы қол қнер сұранысқа ие. Ұлтымыздың құндылықтарын махаббатпен жасау мен үшін үлкен мəртебе. Асыл анамнан дарыған өнер бұл- менің қол өнерім.
Рухани жаңғыру аясында ұлттық оюлармен əшекейлеп костюмдер тігу, түрлі оюлармен безендіріп тұмарлар жасау, ежелден пайдаланылған бүрмелі көйлек, қыпша бел камзол, үкілі сəукелелер, шаш қап, шаш бау барлығы ұлтымыздың құндылығы. Міне, мысалы: бойжеткенге арналған бұрымын шаң тозаңнан қорғайтын ^шаш қап^ бархат матадан жасалған. Сырты көз тимесін деген бағытта əшекей бұйымдармен безендірілген, шашбауы күмістен жасалады. Өте əдемі емеспе? ! Бүгінде осы əшекейді ұлтымыздың əрбір бойжеткені пайдаланса тамаша болады.
^жар тұмарлар, бойтұмарлар^- əр түрлі тастармен өрнектелген, өзінше бір тарихын шертеді. Дарыған осы бір талантымды өз еліме, Отаныма арнаймын.
Қандай да бір ұлттық нақыштағы бұйымды жасау шабытыма шабыт қосады.
Мен осылай қоғамға бір үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын. Мен өз құдіретті елімді, жерімді сүйемін....
Əсіресе, анаға деген махаббатым шексіз. Сондықтан да, аналарымыз киген ақ кимешекке көп көңілімді бөліп, махаббатпен жасаймын.
dil: Kazak Dil bilgisi: Anadili, Yeterlilik, İleri
Düzeltildi AБдрейим
Бүгінгі таңда ұлттық нақыштағы қол өнер үлкен сұранысқа ие. Ұлтымыздың құндылықтарын ерекше сүйіспеншілікпен жасау мен үшін үлкен мəртебе. Асыл анамнан дарыған өнер ол қол өнер.
Рухани жаңғыру аясында ұлттық оюлармен əшекейлеп костюмдер тігу, түрлі оюлармен безендіріп тұмарлар жасау, ежелден әжелеріміз, ана - апаларымыз пайдаланылған бүрмелі көйлек, қыпша бел камзол, үкілі сəукелелер, шашқап, шашбау барлығы ұлтымыздың құндылықтары. Мысалы: бойжеткенге арналған бұрымын шаң тозаңнан қорғайтын "шашқап", бархат матадан жасалады. Көз тимесін деп сырты əшекей бұйымдармен безендіріледі, шашбауы күмістен жасалады. Өте əдемі емеспе? ! Бүгінде осы əшекейлерді ұлтымыздың əрбір бойжеткені пайдаланса тамаша болар еді.
Жартұмар, бойтұмарлар əр түрлі тастармен өрнектелген, өзінше бір тарих. Анамның сүтімнн дарыған осы өнерді өз еліме, Отаныма арнағым келеді
Қандай да бір ұлттық нақыштағы бұйымды жасау шабытыма шабыт қосады.
Мен осылай ұлтымызға, қоғамға өз үлесімді қоссам деймін, ол үшін өте қуанышта боларым сөзсіз. Мен өз елімді, жерімді сүйемін!
Əсіресе, анама деген махаббатым шексіз. Сондықтан да, аналарымыз киген ақ кимешекке көп көңілімді бөліп, ерекше сезіммен, үлкен жауапкершілікпен жасаймын.